Алматы әкімдігі Дженнифер Лопес концертіне дайындық жұмыстарын көрсетті
Алматы Дженнифер Лопес концертіне дайын. Бұл туалы қала әкімдігі мәлімдеп, дайындық жұмыстарын көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәліметке сүйенсек, мегаполистің Орталық стадионында әлемдік жұлдыздың ертеңгі концертіне соңғы дайындықтар жүріп жатыр. Күні-түні жұмыс істеп жатқан 220-дан астам маман көпдеңгейлі сахнаны құрастырып, жарық пен дыбыс жүйелерін орнатып, фан-аймақтар мен VIP-кеңістіктерді жабдықтауда.
10 тамызда Алматы әлемдік поп-музыканың орталығына айналып, көрермендерге Джей Лоның керемет шоуын сыйлауға толықтай дайын.
Еске салсақ, бұған дейін Дженнифер Лопес Қазақстанда екі концерт беретіні туралы жаздық. Кейінірек әлемдік жұлдыздың Алматыдағы концертіне билеттер бағасы белгілі болды.
1 тамызда әншінің Астанадағы концерті өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

