Жаңалықтар

Алматы әкімдігі 55 жаңа жедел жәрдем көлігін сатып алды

Алматы әкімдігі 55 жаңа жедел жәрдем көлігін сатып алды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі 28.01.2024 06:25 892

Алматыда 55 жаңа жедел жәрдем көлігі салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті бюджет қаражатынан сатып алынған жаңа медициналық көлік дефибриллятор, электрокардиограф, жасанды тыныс алу аппараты сынды әлемдік брендтердің заманауи медициналық жабдығымен жабдықталған.

Қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова тұрғындарға шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған санитарлық автокөліктердің кілтін табыс етті.

Барлық машина аудандық қосалқы станцияға таратылады, бұл медициналық көмектің жеделдігі мен сапасын арттырады. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 69% жедел жәрдем көлігі тозған.

Сатып алынған жаңа көлікті ескерсек, бүгінде тозу деңгейі 46%. Биыл тағы 48 автокөлік сатып алу жоспарланған. Әкімдік жедел жәрдем қызметін дамыту, оның ішінде жаңа қосалқы станцияларды жаңғырту және салу жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға