Жаңалықтар

Алмасадам Сәтқалиев: Жәкішевтің АЭС туралы айтқан тұжырымы ұнады

Алмасадам Сәтқалиев: Жәкішевтің АЭС туралы айтқан тұжырымы ұнады
Фото: ҚР Премьер-министр баспасөз қызметі 27.08.2024 13:04 631

Қазақстанда жыл сайын жылына 900 милллиард текше метр газ жаңартылады деген ақпараттың рас-өтірігіне қатысты энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, бұған дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев АЭС туралы тиісті есептеулерді жүргізіп, энергиямен қамтамасыз етудің жаңа тұжырымдамасын жасап, мәселені табиғи газ арқылы шешуді ұсынған болатын.

Бұрын Мұхтар Жәкішев «Қазатомөнеркәсіпте» жұмыс істеген болатын. Шынымды айтсам, оның АЭС-ке қатысты тұжырымы ұнады. Яғни барлық негізгі трендті, соның ішінде халықаралық трендтерді ол кісі нақты атап өтті. Ал оның газ генерациясын ауыстыру немесе пайдалану жөніндегі ұсынысы контекстен тыс әңгіме. Неліктен? Себебі ол жариялаған сандар жанып кететін газдың шамамен 8 немесе 9 миллиард текше метр туралы айтылған мәлімет шындыққа сай келмейді. Яғни, іс жүзінде біз кем дегенде 340, яғни шамамен 300 миллион жағамыз. Бұл - бүкіл газ көлемінің 1 пайыздан аз көлемі, – деді Сәтқалиев.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом станциясы үшін көп деңгейлі бақылау механизмі кез келген заңсыз әрекеттердің барлық тәуекелдерін барынша азайтатынына сенімді екенін айтты.

Яғни, министр ретінде бұған барынша ықпал етемін және қоғамға, оның ішінде журналистік қоғамдастыққа қабылданған шешімдер туралы үнемі есеп беремін, – деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға