Жаңалықтар

Алма тиелген 8 жүк көлігі шекарада заңсыз тұрып қалған

Алма тиелген 8 жүк көлігі шекарада заңсыз тұрып қалған
Фото: istockphoto.com 09.11.2024 09:35 409

Еуропадан әкелінген балғын алмаларды бірнеше күн бойы кедендік рәсімдей алмаған қазақстандық кәсіпкерлердің құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпкерлер Бас көлік прокуратурасына Ауыл шаруашылығы министрлігі енгізген шектеулерге байланысты уақытша сақтау қоймаларында жемістердің тонналап бос жатқанына шағымданған. Прокуратураның талдауымен министрліктің 31 желтоқсанға дейін алма әкелуге тыйым салатын 2024 жылғы 5 қазандағы бұйрығы тек 8 қазанда күшіне енгені анықталған. Ал алма тиелген 8 жүк көлігі бұл күнге дейін ЕАЭО аумағына келген. Яғни, кәсіпкерлердің бұл тауарларына шектеу шаралары қолданылмайды.

Көлік прокуратурасы Мемлекеттік кірістер комитетіне қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде кәсіпкерлер уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін өз өнімдерін декларациялап, шығынның алдын алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға