«Алла мені сақтасын»: марқұм Ақнәрдің соңғы сәтте айтқан сөздері жазылған видео тарады
Мөлдір Қайнар тілші
KIMEP университетінің марқұм түлегі Ақнәр Гүлстанның қазасына байланысты шошырлық жайттар анықталып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақнәрдің анасы сол күнгі оқиғаның жай-жапсарын баяндап, қызы көрші блоктағы құрбыларына Қытайдан әкелген іш киімді көрсету үшін барғанын айтқан. Анасының сөзінше, дәл осы кезде екі құрбысы – қызғаныш не өзге бір теріс ниетпен – Ақнәрге қорлық көрсете бастаған. Бұл оқиға әлеуметтік желіде кеңінен таралған тағы бір бейнематериалда айқын көрінеді.
Видеода қыздар Ақнәрді азаптап жатқан сәт бейнеленген, алайда бір мезетте олар белгісіз себеппен марқұмды жұбатуға тырысқандай әрекет етеді. Осы сәтте Ақнәр бірнеше рет «уа ассаляму алейкум рахматуллах» және «Аллахым, мені сақтасын» деген сөздерді қайталап айтқан. Бұл жантүршігерлік оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, көпшіліктің жүрегін ауыртты.

