Жаңалықтар

«Алкогольге «ЖОҚ» деңіз!»

26 қазан — Қазақстанда Алкоголь тұтынудан бас тарту Ұлттық күні
26.10.2016 03:31 3794

26 қазан — Қазақстанда Алкоголь тұтынудан бас тарту Ұлттық күні атап өтіледі. Осыған орай, Астана қаласында Денсаулық сақтау басқармасы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жастардың қатысуымен «Алкогольге «ЖОҚ» деңіз!» акциясын өткізді. «Алкогольге «ЖОҚ» деңіз!»

Акцияға колледж студенттерімен қатар Астана қаласы Ішкі істер департаменті өкілдері, Наркология және психотерапия орталығының мамандары және мұғалімдер қатысты.

«Алкогольге «ЖОҚ» деңіз!»

Тоқтар Тойшыбеков, Наркология және психотерапия орталығының дәрігері:

— Жастар арасында алкогольді ішімдіктердің зиянын түсіндіру жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Елімізде алкоголь тұтыну 1998 жылы 55% дан – 2015 жылы 24,2% дейін төмендегенін атап айтқан жөн. Өкінішке қарай, урбанизацияның кесірінен бүгінгі таңда наркологиялық тәуелділікке ұшыраған әйелдер саны артқан. Сондай-ақ, адам ағзасына зиян заттарды қабылдаушылардың арасында жастар көптеп кездесуде. Сол себепті осындай іс-шараларды біз оқу орындарында өткізуге тырысамыз.

«Алкогольге «ЖОҚ» деңіз!»

Қызық дерек: 2015 жылы жүргізілген Ұлттық әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша, өңірлерге бөліп қарағанда: Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында алкоголь қолдану мөлшері жоғарғы деңгейде екені анықталған. (45,6% - 40,2%) Ал еліміз бойынша ішімдікті ең аз тұтынатын — Жамбыл облысы, Қызылорда обылысы және Астана қаласы.  (14,8% – 19,6%)  

«Алкогольге «ЖОҚ» деңіз!»

Алкогольмен күресудің ең тиімді шараларының бірі алкогольді сусындардың қолжетімділігін реттеу жүйесі болып табылады. Зерттеуледің нәтижелері көрсетіп отырғандай, алкоголь неғұрлым қолжетімді болса соғұрлым оның тигізетін зияны да көп болады.

«Алкогольге «ЖОҚ» деңіз!»

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, алкоголь әлем бойынша ауырулар мен өлім-жітім себептері ішінде алғашқы орында тұр. Бүкіл әлем бойынша алкогольді шамадан тыс тұтынудың нәтижесінде жыл сайын 3,3 миллион адам көз жұмады. Бұл барлық қайғылы оқиғалардың 5,9% құрайды.

«Алкогольге «ЖОҚ» деңіз!»

Қызық дерек: Наркология және психотерапия орталығының дәрігері Тоқтар Тойшыбековтың айтуынша ересек адамдар үшін алкогольдің ағзаға зиянсыз мөлшері — 20 грамды құрайды екен.  


Рустем ӘЛПИ 

Фототілші — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға