ҰОК баспасөз қызметі

Әлиям Әзізова Бахрейндегі Азия ойындарының жартылай финалына шықты

19.10.2025 23:46

Қазақстан құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында өнер көрсетуін бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алғаш болып пенчак силаттан ұлттық құрама өкілдері бақ сынады. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әлиям Әзізова ширек финалда Камбоджа спортшысы С. Деттен басым түсті.

Ал дәл осы салмақтағы Абдурахман Әбжанов ширек финалда индонезиялық Видатқа 30:74 есебімен есе жіберді.