Әлішер Ерғали Олимпиаданың ширек финалында қарсыласына есе жіберді
10.08.2024 16:38
Фото:
t.me/olympickz/Сали Сабиров
Еркін күрестен 97 келі салмақтағы спортшы Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандық балуан ширек финалда Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Ахмед Тажудиновке (Бахрейн) есе жіберді. Төрешілер шешімімен есеп: Есеп: 2:14.
ҰОК қазақстандық спортшы үшін Олимпиадада күресу мүмкіндігі әлі бар екенін айтты. Егер Тажудинов финалға шықса, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысады.
Еске салсақ, Әлішер Ерғали бұған дейін Токио Олимпиадасында өнер көрсетіп, ширек финалда сүрінген болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

