Алимент төлмеген 4 әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Мөлдір Қайнар тілші
Қызылорда қаласының прокуратурасы алимент бойынша қарызы бар борышкерлердің букмекерлік кеңселерде қыруар қаражатқа бәс тігіп жүргенін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл 135 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 4 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған.
Мысалы, бір борышкердің балаға төленетін алименті бойынша қарызы 5,2 млн теңгені құрағанымен, ол 2 млн теңгеге жуық қаражатты «Олимп» букмекерлік кеңсесінде ұтылғаны белгілі болды.
Аталған борышкерге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 139-бабымен қылмыстық іс тіркеліп, алимент қарызын толық өтегеннен кейін жәбірленушімен татуласып, ақталмайтын негіздермен қылмыстық іс тоқтатылды.

