Жаңалықтар

Әлихан Бөкейханның өмірлік ұстанымдары

Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!
Әлихан Бөкейханның өмірлік ұстанымдары
17.04.2017 09:57 6560

Тірі болсақ – алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар.

Әлихан Бөкейхан

Әлихан Бөкейханның мемлекетті басқару тұрғысында бес ұстанымы болды:

Бірінші ұстанымы – Алаш ұлттық демократиялық мемлекет болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен жер болуы тиіс. Жерсіз Отан жоқ. Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтың өзі ғылым мен техникаға сүйеніп, толық игермейінше, жер жекеменшікке, қоныс аударушыларға берілмеуі тиіс. Жер – Отан. Жерді сатқан Отанды сатқанмен бірдей.

Екінші ұстанымы – Алаш жерінің астындағы, үстіндегі, көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс.

Үшінші ұстанымы – қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып киілуі керек.

Төртінші ұстанымы – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, ділі өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек.

Бесінші ұстанымы – ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, ұлттық демократиялық мемлекет құрылуы керек.

  • Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!

  • Бізге фабрикалар, зауыттар, шаруашылық ұйымдары, коперативтер және басқа да көп нәрселер керек. Мұның бәрі білімді қазақтарды қажетсінеді.

  • Талас-тартыс жоқ болса, өмір абақтыға айналар еді.

  • Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды.

  • Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.

  • Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.

  • Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.

  • Өз күшіне сенбеген халық та, адам да ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.

  • Ақын Абай сөзін оқырман атаулының бірден түсіне алмағандығын, әр сөзінің мағынасының өте­ терең екендігін, оның не мағынада айтылғандығын біреу баяндап ұқтырғанда ғана білуге болады. Қазақтың бас ақыны – Абай.

  • Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзды іс қылмақ одан да қиын.

  • Мансапқұмар ел – кемелдікке жетпеген ел.

  • Ел берекесі кетуінің түпкі себебі – қазақта бірлік жоқтығы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға