Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барады
10.08.2023 09:24
Фото:
t.me/KZgovernment
Бейсенбі, 10 тамызда, премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Хромтау ауданында Үкімет басшысы «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырының жаңа желісін салу барысымен, «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» автожолының жағдайымен танысады.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министр бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысанды да аралайды.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов шығармашыл жастармен кездесу өткізіп, облысты одан әрі дамыту жоспарларымен танысады.

