Әлихан Смайылов ТМД және ЕАЭО елдері үкімет басшыларының Путинмен кездесуіне қатысты
Фото: t.me/KZgovernment
Фото: t.me/KZgovernment
10.06.2023 00:54
736
Премьер-министр Әлихан Смайылов ТМД және ЕАЭО елдері үкімет басшыларының Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуіне қатысты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Әлихан Смайылов Сочиде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің және ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырыстары мен басқа да іскерлік іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және тиімділігін атап өтті.
Сондай-ақ ол интеграциялық бірлестіктер аясында алға қойылған барлық міндеттің табысты жүзеге асырылатынына және Сочиде қабылданған шешімдердің екіжақты тиімді жаңа жобаларға айналатынына сенім білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға