Жаңалықтар

Әлихан Смайылов Сочиде Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

Әлихан Смайылов Сочиде Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты
Фото: primeminister.kz 07.06.2023 20:44 699

Тараптар кең ауқымды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сочиде (РФ) Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь үкімет басшысы Роман Головченко, Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов, Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров және Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустиннің қатысумен өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысында ЕАЭО аясында мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды. 

Тараптар кең ауқымды мәселелерді, атап айтқанда, Климаттық күн тәртібіндегі іс-шаралардың бірінші пакетін іске асыру, интеграцияланған ақпараттық жүйені одан әрі дамыту және жалпы «цифрлық» ынтымақтастықты нығайту, электр энергиясының ортақ нарығын қалыптастыру аясындағы қадамдар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру шараларын талқылады. 

Сонымен қатар Иранмен еркін сауда келісімін жасау жөніндегі келіссөздердің нәтижелері және басқа да бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға