Жаңалықтар

Әлихан Смайылов қызылшаға қарсы вакциналау жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Әлихан Смайылов қызылшаға қарсы вакциналау жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Фото: t.me/KZgovernment 09.01.2024 10:56 1311

Қызылшамен ауырғандарың көпшілігі – екпе алмағандар. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Премьер-министр Әлихан Смайылов нақты шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың соңында елде қызылшаның 29 648 жағдайы тіркелді, оның 80%-ы (23 501 жағдай) 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі. Ал осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қызылшаның 1674 жағдайы тіркеліпті. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі мәлім етті.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, былтыр желтоқсан айында 2023 жылғы қарашамен салыстырғанда 11 өңірде сырқаттанушылық өсті.

Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан Қарағанды, Жетісу, Түркістан облыстарында тұрақтандыру үрдісі, ал Шымкент қаласы, Жамбыл және Ұлытау облыстарында төмендеу үрдісі байқалды, - деді ол.

Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында министрлік былтыр аталған ауруға қарсы жоспарлы вакцинация жүргізді және бір жастан алты жасқа дейінгі 700 мыңға жуық бала екпе алған.
Үкімет басшысы былтырдан бері елімізде қызылшамен ауырғандар саны айтарлықтай өскенін, соңғы 10 жылда болмаған көрсеткішке жеткенін атап өтті.

Олардың 80%-ке жуығы – 14 жасқа дейінгі балалар. Ауырғандардың көпшілігі тиісті екпе алмағандар. Екпе алмаған науқастардың ауруы асқынып кету қаупі жоғары. Жағдайды тұрақтандырудың жалғыз жолы – екпе салу. Қызылшаға қарсы жаппай иммунизация жүргізу үшін қосымша 1,5 млн доза вакцина сатып алынды. Осы мақсаттар үшін Үкімет былтырғы қыркүйек айында резервтен 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, – деді Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, 2023 жылдың соңында елде қызылшаның 29 648 жағдайы, ал осы жылдың 1 қаңтарынан қызылшаның 1674 жағдайы тіркеліп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға