Жаңалықтар

Әлихан Смайылов Отандық кәсіпкерлер кеңесінің бесінші отырысын өткізді

Әлихан Смайылов Отандық кәсіпкерлер кеңесінің бесінші отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz 06.01.2023 12:13 1384

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Отандық кәсіпкерлер кеғесінің бесінші отырысын өткізді. Онда тау-кен металлургия кешенін (ТМК) дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

 Бүгінгі таңда ТМК-ның ЖІӨ-дегі үлесі 8,5%-ды құрайды. 2022 жылы салада жалпы құны 232 млрд теңге болатын 19 жаңа инвестициялық жоба іске асырылып, 3,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. 

Жалпы, 11 айда өнім шығару көлемі 11,4 трлн теңгеге жетті (өсім 17%). Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 трлн теңгеден асты (өсім 14,8%). 

Қазақстан пайдалы қазбалар қоры бойынша әлемде жетекші орындардың қатарында. Осыған байланысты ТМК-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін алдағы жылдары минералды-шикізат базасын толықтыру, жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасында бизнес-процестерді оңайлату және автоматтандыру, базалық металдарды дайын өнім түріне дейін өңдеуді тереңдету және тағы да басқа шаралар қабылданатын болады.

 Премьер-Министр саланы дамыту жөнінде мемлекет жоспарлап отырған шаралар мен бизнестің сындарлы ұсыныстары алдағы бес жылдық кезеңге арналған салалық тұжырымдамаларда көрініс табатынын атап өтті. 

Бұл ретте ол нысаналы көрсеткіштер мен индикаторларды нақты іске асыру уақытын көрсете отырып, белгілеу қажеттігін атап өтті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға