Жаңалықтар

Әлихан Смайылов «Каспий» тұщыландыру зауытын кеңейту жобасымен танысты

Әлихан Смайылов «Каспий» тұщыландыру зауытын кеңейту жобасымен танысты
Фото: t.me/KZgovernment 05.07.2023 15:55 1011

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында премьер-министр Әлихан Смайылов өңірді сумен қамтамасыз ету көлемін арттыру үшін «Каспий» тұщыландыру зауытын кеңейту жобасымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2020 жылы басталған зауытты кеңейту жұмыстары қазіргі уақытта аяқталуға жақын.

Жобаны іске асыру нәтижесінде «Каспийде» ауыз су беру тәулігіне 40 мың текше метрге дейін ұлғаюға тиіс, бұл өңірді сумен тұрақты түрде қамтып отыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын директоры Нұрлыбай Аққұлов зауытты жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Оның айтуынша, жобаны аяқтау үшін қажетті жабдықтарды сатып алуға шамамен 5 млрд теңге қажет.

Премьер-министр Маңғыстау облысындағы Мұнайлы, Түпқараған және Қарақия аудандарының 180 мың тұрғыны үшін бұл жобаның маңызы зор екенін атап өтті.

Үкімет оны жақын арада аяқтау үшін қажетті қаражатты бөледі. Облыс әкімдігі тұщыландыру зауытында жаңа өндірістік қуаттарды жедел іске қосу бойынша барлық шараны қабылдауы қажет, – деді Әлихан Смайылов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға