Жаңалықтар

Әлихан Смайылов Eren Holding басшысымен кездесті

Әлихан Смайылов Eren Holding басшысымен кездесті
Фото: t.me/KZgovernment 09.10.2023 09:19 923

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Eren Holding басшысы Ахмет Ерен  Қазақстан экономикасының түрлі салаларында жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі мәлімдейді.

Үкімет аталған холдингтің республика аумағындағы жобаларға инвестиция салу ниетін жоғары бағалайды.

Бүгінде елімізде түрік капиталының қатысуымен 4 мыңнан астам компания жұмыс істейді.

Атап айтқанда, тау-кен металлургия кешені, инфрақұрылым, тамақ өнеркәсібі және фармацевтика сияқты салаларда жобалар іске қосылды.

Екі ел арасындағы қалыптасқан орнықты сенім деңгейі мен ынтымақтастыққа деген ортақ ұмтылыс бізге жаңа перспективалар ашуға мүмкіндік береді, — деді премьер-министр.

Өз кезегінде Ахмет Ерен тиісті инвестициялық шешімдер қабылдау үшін холдингтің Қазақстанда әлеуетті жобаларды зерделеуге дайын екенін айтты.

Біз өндірісті кеңейтеміз және инвестициялық жаңа мүмкіндіктерді қарастырып жатырмыз. Бұл қағаз өндірісі, энергетика және тоқыма өнеркәсібі сияқты салалар болуы мүмкін. Біз тау-кен металлургия кешеніне де инвестиция салуға дайынбыз. Бұл ретте, жұмыстың жоғары сапасына қол жеткізуге мүмкіндік беретін технологиялар бар. Сондықтан инвестиция мәселелерін бірлесіп қарастырғымыз келеді, — деді Eren Holding басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға