Жаңалықтар

Әлихан Смайылов: Ел экономикасы қарқынды даму жолына түсті

Әлихан Смайылов: Ел экономикасы қарқынды даму жолына түсті
Фото: primeminister.kz 16.05.2023 10:56 1025

Еліміздің ішкі өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5%-ке өсіп отыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Биыл елімізде өңдеу өнеркәсібі 5,1%-ке өсті. Машина жасауда – 36%, оның ішінде автомобиль жасауда – 41%, локомотивтер мен вагондар өндірісінде 64% орнықты өсім тіркеліп отыр. Фармацевтикада өсу 4%-ті құрады. Жеңіл өнеркәсіп саласы – 35%, оның ішінде тоқыма өндірісі – 55%, киім-кешек – 8%, былғары өнімдерінің өндірісі 2% өсімді қамтамасыз етті. Азық-түлік және минералды өнімдер өндірісі 8%-ке, дайын металл бұйымдарын шығару 16%-ке өсті, - деді премьер-министр. 

Қаңтар-сәуір айларында Абай, Жетісу, Ұлытау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласындағы макрокөрсеткіштер өскен. Смайыловтың сөзіне қарағанда, Ақтөбе және Атырау облыстарында макрокөрсеткіштердің деңгейі төмен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға