Жаңалықтар

Әлихан Смайылов Бакудегі Гейдар Әлиев орталығына барды

Әлихан Смайылов Бакудегі Гейдар Әлиев орталығына барды
Фото: t.me/KZgovernment 22.06.2023 20:02 990

Бұл Үкімет басшысының Әзербайжанға ресми сапарындағы қорытынды шара болды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәдени орталық қазіргі Баку қаласы символдарының бірі болып саналады, оның ауданы 57 мың м² асады. Ғимарат жобасында түзу сызықтар пайдаланылмаған, оның пішіні  тулаған теңіз толқыны тәріздес салынған.

Әзербайжан халқының Жалпыұлттық көшбасшысына арналған музейде Гейдар Әлиевтің өмір жолы фото және бейнематериалдар арқылы баяндалған. Музей бөлімдерінің бірі – мультимедиялық залда оның әлем елдері көшбасшылармен кездесулері көрсетілген.

Орталықтың музейден басқа да көрме залдарында республиканың бірегей экспонаттары, тарихи ғимараттардың макеттері, көрікті жерлердің суреттері, табиғи және сәулет ескерткіштері және тағы басқа жәдігерлер қойылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға