Әлихан Смайылов әйелдер қауымын келе жатқан мерекемен құттықтады
EL.KZ Информационно-познавательный портал
07.03.2023 11:36
Фото:
primeminister.kz
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысының алдында әйел – журналистер мен министрлерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Үкімет басшысы олар өздерінің кәсіби қызметі аясында Қазақстанның дамуына зор үлес қосып отырғанын атап өтті.

Премьер-Министр Халықаралық әйелдер күні қарсаңында оларға денсаулық, амандық және бақыт тіледі.

