Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының вице-президентімен кездесті
Фото: Үкімет
Фото: Үкімет
12.01.2023 12:49
915
Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Әлихан Смайылов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен АМТ арасында қол қойылған меморандум аясында қазақстандық тарап кәсіпорынға қаржылық, техникалық және экологиялық аудит жүргізу үшін тәуелсіз халықаралық консультанттарды шақырғанын атап өтті.
Сонымен қатар Премьер-Министр «АрселорМиттал Теміртауға» кешенді тексеру жүргізу кестесі жіберілгенін айтты.
Өз кезегінде Виджай Гоял барлық тексеру шараларына толық жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға