Әлихан Смайылов Абай облысына жұмыс сапарымен барады
EL.KZ Информационно-познавательный портал
21.04.2023 09:45
Фото:
primeminister.kz
21 сәуір, жұма күні, ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Абай облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы барысымен танысады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет басшысы өңірге сапары аясында:
Шүлбі ГЭС-і және «Ғаббасов» қазандығының жұмысын тексереді;
Ядролық медицина және онкология орталығына, сондай-ақ басқа да бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанға барады.

