Әлихан Әскербай ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды
07.07.2025 06:29
Фото:
ҰОК баспасөз қызметі
Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық зілтемірші Әлихан Әскербай алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ол жасөспірімдер арасындағы жарыста 310 келі (141+169) салмақты бағындырып, жарыстың абсолютті жеңімпазы атанды. Сонымен қатар Әскербай бір жарыста үш Азия және үш әлем рекордын жаңартты.
Жастар (U20) арасындағы жарыста да үздіктер қатарынан көрініп, қола жүлдені иеленді. Айта кетейік, бұған дейін Ксения Прозорова да ел намысын абыроймен қорғап, 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында алтын, ал 20 жасқа дейінгілер арасында күміс медаль еншілеген болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

