Тяньцзинь қаласында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян арасында кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әзірбайжан басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 25-ші саммиті аясында өткен.
Әлиев пен Пашинян Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт күн тәртібін талқылап, конструктивті диалогтың, өзара сенім мен аймақтық тұрақтылықтың маңыздылығын атап өтті.
Екі ел көшбасшысы Вашингтонда өткен соңғы саммиттің нәтижелеріне оң баға берді. Бұл саммит бейбітшілік процесін ілгерілетуге және қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге халықаралық қолдауды растаған болатын. Сондай-ақ, тараптар байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.

