©IG/thefightvaults

Әліби Ыдырыс UFC 319 турнирінде алғаш рет жеңілді

Чикагода (АҚШ) өткен UFC 319 турнирінде қазақстандық файтер Әліби Ыдырыс (10-1) The Ultimate Fighter шоуының финалында америкалық Джозеф Моралеске (13-2) қарсы шығып, екінші раундта жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.  

Бұл жекпе-жекте жеңімпаз UFC-мен эксклюзивті келісімшартқа қол жеткізуі тиіс еді. Әліби бұған дейін NAIZA лигасында чемпион атанған болса, Моралес америкалық GKO және A1 ұйымдарының белбеуін иеленген. Ол 2017–2018 жылдары UFC-де де өнер көрсеткен.

Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, екінші раундта аяқталды. Моралес тұншықтыру әдісін жасап, жеңіске жетті. Бұл Әлібидің кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі болды.

Осы жеңістің арқасында Джозеф Моралес The Ultimate Fighter шоуының 33-чемпионы атанды және UFC-ге қайта оралды.

Айта кетейік, бұл салмақта UFC-де тағы екі қазақстандық – Асу Алмабаев (22-3) пен Азат Мақсұм (15-2) өнер көрсетіп жүр.