Жаңалықтар

Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты сот үкімі шықты

Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты сот үкімі шықты
Фото: Әлібек Қалбай 10.04.2023 10:29 1269

Алматыда әскери сотта Әлібек Қалбайдың өліміне кінәлі деп айыпталған атыраулық сарбазға сот үкімі шықты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы горнизонының әскери соты Жамбыл облысына әскери борышын өтеу үшін барып, 4 күннен соң жұмбақ жағдайда көз жұмған ақтаулық Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты шешім шығарды. Сот 18 жастағы Айболат Аманжоловты кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Маңғыстаулық Әлібек Қалбай 2022 жылдың 22 сәуірінде Жамбыл облысы Отар ауылында орналасқан әскери бөлімде қайтыс болды. Ол сапта тұрған кезде кенеттен есінен танып құлаған. Жас сарбаздың қазасына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға