Alibaba сауда желісінде Қазақстанның ұлттық платформасы ашылды
Халықаралық электрондық платформада Қазақстанның Ұлттық павильонының ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Alibaba.com. хабарлады.
Павильонның ашылу салтанатына ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі Қ. Төребаев, QazTrade АҚ Бас директоры А. Асқарұлы, Alibaba.com Вице-Президенті Эндрю Женг қатысты. Сауда Вице-министрі Қайрат Төребаев бүгінгі таңда электрондық коммерция қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік трендке сәйкес тырысатын атап өтті.
Alibaba-мен ынтымақтастықтың арқасында көптеген қазақстандық компаниялар өз өнімдерін сыртқы нарықтарға проактивті жылжыту құралы ретінде электрондық коммерция арналарын игерді. Alibaba алаңында елдік павильонның ашылуы-шетелдік сатып алушылардың платформадағы Қазақстан өнімдеріне жоғары сұранысының растамасы.
"QazTrade" АҚ Бас директоры А.Асқарұлы атап өткендей, отандық компанияларды маркетплейстерге жылжыту құралы өзінің тиімділігі мен қажеттілігін көрсетті. Электрондық алаңдарда сауда жасау дағдыларына ие болған компаниялар, платформа төңірегінде тиімді сатылым жасайды".
Ел павильонына бүгінде алтын жеткізуші мәртебесіндегі 130 отандық компания кіреді, олар 7500-ден астам тауарды сатылымға шығарады.
ТМД елдері мен БЭЖ арасында Қазақстан павильоны РФ-нан кейінгі Alibaba.com алаңында екінші болды
Айта кету керек, 2021 жылы QazTrade АҚ арасында компанияларды платформаға шығару бойынша шара операторы мен Alibaba.com компания арасында ынтымақтастық және қазақстандық тауарларды әлемдік нарыққа шығару туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.
2019 жылдан бастап 200 компания Alibaba.com платформасында шығару бойынша мемлекеттік қолдауға ие болды.
Жалпы, ағымдағы сәтте, компанияның платформаға жылжуы бойынша шаралардың арқасында Alibaba.com платформаға шығарылған компаниялардың жиынтық сатулары шамамен 167,7 млн. АҚШ. долларын құрайды. Қытай, Македония, БАӘ, Оман, ЕАЭО және Орталық Азия елдерінің шетелдік сатып алушылары пластикалық ойыншықтар, сүзгілер, электротехника, тоқыма өнімдері, майлар, астық өнімдері, бал және мұздатылған ет сияқты өнімдерге қызығушылық танытты.
Alibaba - айналымы 106 млрд. АҚШ. (2021) негізгі қызмет-B2B схемасы бойынша компаниялар арасындағы сауда және онлайн-бөлшек сауда.
Қазіргі уақытта 46 компания іріктеліп алынды Alibaba.com платформасында келісім-шарттар жасалып, тіркелу, контентті рәсімдеу және толтыру жұмыстары жүргізілді.