Алғыс айту күніне орай әлеуметтік желіде акциясы басталды
Фото: ҚХА
Фото: ҚХА
28.02.2023 18:44
2465
Елімізде 1 наурыз Алғыс айту күні ретінде тойланып келеді. Аталған мерекеге орай әлеуметтік желіде Алғыс айту акциясы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Науқанға кез келген адам қатыса алады. Ол үшін сағат 12:00-де ең жақын адамыңызға қоңырау шалып, "Алғыс" айтуыңыз керек.
"Ертең достарыңыз бен жақындарыңызға алғыс айтудың керемет мүмкіндігі. Осы мүмкіндікті пайдаланып, ең қымбат адамдарыңызға қоңырау шалып, оларға бәрі үшін және сіздің өміріңізде бар болғаны үшін рахмет айтыңыз!"- дейді акция ұйымдастырушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
50-ге жуық елік атқан браконьерлер ұсталды