«Алгебра мен геометрия бөлек». Қазақстанда мектеп пәндерін біріктіру тоқтатылды
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп пәндерін біріктіру реформасының орта жолдан тоқтатылғанын хабарлады.
2025 жылы алқа мәжілісінде физика, химия және биологияны «табиғи ғылымдар» пәніне, алгебра мен геометрияны «математика» пәніне, дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін «әлеуметтік ғылымдар» пәніне біріктіру туралы шешім қабылданған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Үкімет басшысы балалар қауіпсіздігіне қатысты батыл шешімдер қабылдауды тапсырды
- «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы: балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына 1,3 трлн теңге бөлінді
- Жекеменшік мектептер және мемлекеттік тапсырыс: шектеу ме, жүйелеу ме?
Министрдің айтуынша, фундаменталды пәндерді бөлек оқыту оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік береді.
Бұл мұғалімдердің жүктемесі туралы мәселе. Сондықтан біз мұғалімдер қауымдастығымен мәселені талқыладық. Талдай келіп, цифрланған әлемде балаларымыз негізгі пәндерді жақсы білуі үшін бұл реформаны тоқтаттық, - деді министр.
Бұған дейін Жұлдыз Сүлейменова «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын таныстырғанын жазған едік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

