Жаңалықтар

Алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы жаңартылды

Алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы жаңартылды
Фото: ҚР ДСМ 16.07.2023 19:05 1417

Денсаулық сақтау министрлігі үлкен функционалдылық пен қолжетімділікті ескере отырып, медициналық алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Ведомство мәліметінше, қобдиша құрамын өзгертер кезде Түркия, Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа елдердің халықаралық тәжірибесі ескерілген.

Сонымен, дәрі-дәрмек қобдишасының құрамына мыналар кіреді: дәке таңғыштар (стерилді және стерилді емес), эластикалық бинттер, таңғыш пакет, медициналық бұласыр, доғал қайшы, металл, өкпені жасанды желдетуге арналған қалта маскасы,таңуға арналған касынка-бандаж, құтқару көрпесі, бір реттік мұз пакеті, ысқырық, шам,  дәрі-дәрмек қобдишасына арналған футляр, блокнот, қарындаш, дымқыл майлықтар (антисептикалық), қолғаптар, шендеуіштер және зардап шеккен адамға  медициналық алғашқы көмек көрсету бойынша пайдалану жөніндегі ұсынымдар.

Бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмек  қобдишасы жеке қажеттіліктер мен сұранымдарға сәйкес пайдаланушының қалауы бойынша толықтырылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн, - делінген мәліметте.

Өнеркәсіптік объектілерде дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы қолдану жөніндегі нұсқаулықты қоса бере отырып, зиянды немесе қауіпті өндірістік факторларға байланысты зардап шеккен адамның денесінің зардап шеккен учаскесін шұғыл өңдеуге арналған құралдармен (антидоттармен) толықтырылады.

Дәрі-дәрмек қобдишасының жаңа құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен бекітілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға