Жаңалықтар

Алғаш рет Ораза ұстайтындарға 7 кеңес

Бірінші рет Ораза ұстаушыларға арналған ақыл-кеңестер
Алғаш рет Ораза ұстайтындарға 7 кеңес
08.05.2018 14:05 205225

Мұсылмандар үшін ең қасиетті Рамазан айының басталуына санаулы күн қалды. Шын мәнсінде бұл үлкен қадам. Осы қадамын жеңіл әрі сауапты өткізуіңіз үшін білген ақпаратымызбен бөлісуді жөн көрдік. Сонымен «биыл ораза ұстасам» деп ниет еткен жандар үшін кеңесімізді ұсынамыз:

  1. Оразаның басты мұраты рухани қуаттану

Ораза айында біліміңізді тередетуге, рухани құндылықтарға мән беруге тырысыңыз. Сондықтан Оразаның сауабы, рухани маңызы мен денсаулыққа пайдасы туралы кітаптар, хадистер оқыңыз. Дұғалар жаттап, иман жолына бет бұруға маңызды қадам жасаңыз.

  1. Сауапты іс жасау

Рамазан айында құлшылық етіңіз, дұғалар оқыңыз, ізгі амал істеріңізді көбірек жасаңыз. Бұл қайырымдылық жасасаңыз, сауабы мейлініше мол болмақ. Сондықтан өзгелерге жақсылық жасау мүмкіндігін қалт жібермей, уақытыңызды барынша ұтымды пайдаланыңыз. Бұл үшін әлеуметтік желіге, таныстарыңызбен бос әңгімеге, пайдасыз іске уақытыңызды шығындамаңыз.       

  1. Жаман әдеттен бойыңызды аулақ ұстаңыз

Ораза ұстаудың басты шарты ас-судан тартыну емес, жаман әдеттерден бас тарту. Ораза ұстап жүріп, өсек-аяң, ғайбат айту сияқты жаман әдеттерге бой ұрындырсаңыз, оразаңыз қабыл болмайды. Біреуді ғайбаттау, зеку, ұрыс-керіс, жанжалдасу, өтірік айту сияқты теріс қылықтарыңызды сап тию мүмкіндігі туындағанда, жақсаруға тырысыңыз.  

  1. Оразаға дайындық

Оразаны бұрын мүлдем ұстамасаңыз аздаған айындық жасаңыз. Қазір Ораза басталмай тұрып бірнеше күн ауыз бекітсеңіз, өзіңізге оңайырақ болады. Ораза ұстаудың жеңіл екенін білгенде бойыңызда сенімділік пайда болып, ораза ұстаудың қуанышын сезінесіз.    

  1. Қиындықтан қорықпаңыз

Күннің ыстығы, аптап күн, күндіз ас-сусыз жүру сізді қорқытпасын. Пендеуи тірліктің ұсақ-түйегі сізді алаңдатпасын. Шын мәнсінде сіздің ерік-жігеріңіз, санаңыз, рухани қуатыңыз одан әлдеқайда мықтырақ. Алла өз құлдарына оның мүмкіндіктерінен асырып сын бермейтінін есте ұстаңыз.  

  1. Ауыз бекіту, сәресін ішу қуанышын бөлісіңіз

Ауыз бекіту, сәресін ішу сияқты ритуалдар өзіңіз сияқты иманды жандарды біріктіре, рухын күшейте түседі. Мұндай жиындарда айылатын ғибратты әңгімелер бауырмалдыққа, ынтымаққа, иманның күшеюіне ықпал етеді.

  1. Бұл Қасиетті айға ықыласпен, өз қалауыңызбен келіңіз

Ораза сәнді тренд немесе қоғамда жеңілдік алатын себеп емес, өз жүрек қалауыңыз. Сондықтан да Ораза ұстауыңызды ешкімге міндетсінбей, мейлінше қарапайым болуға тырысыңыз. Жамандықтан тиылып, Жаратушыға бір қадам жақындай түсу мүмкіндігін пайдаланамын десеңіз еш шектеулер мен сылтаулар сізге кедергі болмайды.       

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға