Әлеуметтік желілерде 50-ден астам есірткі арнасы бұғатталды
![Әлеуметтік желілерде 50-ден астам есірткі арнасы бұғатталды Әлеуметтік желілерде 50-ден астам есірткі арнасы бұғатталды](/storage/storage/element/2024/11/15/mainphoto/130086/1200xauto_M3kJUjqS2l6b17hsfpatYBzBurTYoso9q1gm5YVQ.jpg)
Фото: iStock
Фото: iStock
15.11.2024 14:24
297
Көлік прокуратурасы әлеуметтік желілерде 50-ден астам есірткі арнасына тосқауыл қоюды қамтамасыз етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас көлік прокуратурасы құқық қорғау органдарының есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Әлеуметтік желілерді бақылау барысында елімізде синтетикалық есірткіні насихаттау, жарнамалау және сату мақсатында құрылған телеграм арналары анықталды.
Нәтижесінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы 50-ден астам телеграмм арналары бұғатталды, - делінген хабарламада.
Прокуратура органдары байланыс операторларымен бірлесіп бақылау шараларын жетілдіруді және платформалармен заңсыз контентті жылдам бұғаттауды жалғастыруда.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Оралда ауыр жүк көлігі мектеп ғимаратына соғылды
Келесі жаңалық
Оралда жолаушылар автобусы өртенді