Жаңалықтар

Әлеуметтік қызметтер үшін EGov mobile мобильді қосымшасы хабарлама жібереді

Әлеуметтік қызметтер үшін EGov mobile мобильді қосымшасы хабарлама жібереді
Фото: © Pixabay.com 13.08.2023 15:55 1024

Бұдан былай ел тұрғынарына зейнетке шығу, ЖОО-ға түсу және бітіру, баланы мектепке қабылдау, Е-лицензиялау порталының өтінімдерін мақұлдау туралы хабарламалар жіберіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

EGov mobile мобильді қосымшасы қазақстандықтарға әртүрлі өмірлік жағдайларға байланысты жеке push хабарлама жіберіп отырады. 

Жаңартулар қазақстандықтарға алдағы маңызды күндер туралы еске салуға мүмкіндік береді. Оның ішінде зейнетке шығу, ЖОО-ға түсу және бітіру, баланы мектепке қабылдау, Е-лицензиялау порталының өтінімдерін мақұлдау және компания басшысының ауысуы туралы хабарламалар бар. 

Біз әртүрлі өмірлік жағдайларға арналған тағы жеті push хабарламаны іске қостық. Бұл мемлекеттік мекемелерге бармай-ақ адамдарды маңызды күндер туралы алдын ала хабардар етуге және "көрінбейтін" қызметтер көрсетуге көмектеседі. Осылайша, біз қазақстандықтарды алдағы күндер туралы алдын ала біліп, ескертеміз. Уақыт өте келе мұндай қызметтердің саны артады, бұлай біз көптеген мемлекеттік қызметті алу процесін жеңілдете аламыз, - деп атап өтті компанияның басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Жіберілген push хабарландыруларын мобильді қолданбаның "Хабарландырулар" бөлімінде көруге болады. Мобильді қосымша орнатылмаған жағдайда eGov.kz порталының жеке кабинетінде ұялы нөмір көрсетілген болса, пайдаланушыға қосымшаны жүктеуге сілтеме жасай отырып, 1414-тен жаңа хабарламаның келіп түскені туралы ақпарат жазылған SMS жіберіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға