Жаңалықтар

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағы қымбаттап жатыр

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағы қымбаттап жатыр
Фото: 24.kz 27.01.2023 15:11 1262

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,3%-ға, жылдық мәнде 23,4%-ға өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:
Күріш – 361 тг/кг
Айран 2,5% – 367 тг/л
Сүзбе – 1953 тг/кг

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға