Жаңалықтар

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 5,5% өскен

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 5,5% өскен
Фото: © Pixabay.com 20.10.2023 06:20 545

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада 0,1%, ал жылдық мәнде 5,5% өскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады, - делінген мәліметте.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 17 қазанға/:

Күнбағыс майы – 750тг/л
Сүзбе – 2101тг/кг
Қырыққабат – 160тг/кг

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға