Жаңалықтар

Әлеуметтік кодекс жобасы таныстырылды

Ақмәди Сарбасов Әлеуметтік кодексте заңнамалық деңгейде бекітілетін азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Әлеуметтік кодекс жобасы таныстырылды
Фото: дереккөз 19.10.2022 04:37 3374

Президент Жолдауының әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі бағыттарын және Әлеуметтік кодексі жобасының нормаларын түсіндіру мобильді топ ШҚО ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды EL.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Риддер қаласына барып, қалалық мәслихат депутаттарымен, мемлекеттік органдардың басшыларымен, ардагерлер және жастар ұйымдарының басшыларымен, ҮЕҰ өкілдерімен, көпбалалы аналармен, мүгедектігі бар адамдармен, әлеуметтік қызметкерлермен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді. Өз сөзінде ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының іске асырылу барысы және ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы туралы айтты.

Кеншілер мен металлургтер қаласында Ақмәди Сарбасов «Казцинк» ЖШС «КазЦинкМаш» ӨК-де болып, кәсіпорынның жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Инженерлік-өндірістік кешенге барғаннан кейін вице-министр қала активімен және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесу өткізіп, «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де болып, онда көпбалалы аналармен, мүгедектігі бар адамдармен және әлеуметтік қызметкерлермен кездесу ұйымдастырылды.

Халықпен кездесулер барысында Ақмәди Сарбасов Әлеуметтік кодексте заңнамалық деңгейде бекітілетін азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Әлеуметтік кодекс әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде мемлекет тарапынан көмекті қамтамасыз ете отырып, азаматтарды өмір бойы сүйемелдейтін болады. Бұл ретте азаматтардың жекелеген осал санаттарын қолдаудан қазақстандық отбасын нығайту мен дамыту үшін базалық жағдайлар жасауға көшу жүзеге асырылады, – деді Ақмәди Сарбасов.

Вице-министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Әлеуметтік кодекс жобасында Отбасының цифрлық картасы арқылы проактивті форматта әлеуметтік мемлекеттік кепілдіктер беру арқылы отбасылардың әлеуметтік тәуекелдерінің алдын алу жүйесін қалыптастыру көзделгенін хабарлады.

Сондай-ақ, жұмыс күшінің кәсіби дағдыларын күшейтуді, икемді жұмыспен қамтудың барлық түрлерін заңнамалық бекіту мен реттеуді, технологиялар мен білім трансферті үшін білікті кадрларды тартуды, ішкі көші-қонды реттеуді, жұмыспен қамту орталықтарын мансап орталықтарына айналдыруды және көрсетілетін қызметтерді ауқымды цифрландыруды көздейтін жұмыспен қамту саласында жаңа саясат құрылады, – деп атап өтті Ақмәди Сарбасов.

Ол азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайту, мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің қатысуымен көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құру есебінен жүзеге асырылатынын айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Әлеуметтік кодекс жобасында балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейтуге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мемлекеттік жәрдемақы мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемді төлеу мерзімін бір жарым жасқа дейін ұзартылады, сондай-ақ наградталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері ұлғайтылады. Бұдан басқа, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалар 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақтау шоттарына аударымдар жүргізілетін болады, – деді Ақмәди Сарбасов.

Еңбекмині бірінші вице-министрінің айтуынша, Әлеуметтік кодекстің жобасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері, ауқымды цифрландыру және адами факторды төмендету арқылы мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін кеңейту есебінен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту (Әлеуметтік қызметтер порталы, медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізу) қарастырылған.

Жұмыс сапары барысында вице-министр Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен де танысты.

19 қазанда мобильді топ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында жалғастырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға