Жаңалықтар

Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтерді автоматтандырылады

Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтерді автоматтандырылады
Фото: © Pexels.com 25.10.2023 04:28 850

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік-еңбек саласының мемлекеттік қызметтерін оңтайландыру бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде. Осылайша, автоматтандыруға және соған орай электронды форматта мемлекеттік қызметтерді көрсету кейбір қызметкерлердің қатысуынсыз болуына байланысты 2023 жылы осы процестерді әкімшілендіруге мемлекеттік бюджеттен 360 миллион теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін 50 қызметтің  48-ін (немесе 95%) электрондық форматта алу мүмкіндігі бар, ал олардың 29-ы проактивті форматта іске асырылды.

Осы жылдың басынан бастап электрондық форматта 14,1 млн қызмет, ал проактивті түрде 1 млн. астам қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді проактивті форматта көрсету процесі мынадай түрде жүзеге асырылады: азаматтарға қызметті алу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі, оң жауап жібергеннен кейін жәрдемақы тағайындау туралы шешім 1 күн ішінде автоматты түрде қабылданады.

Жыл басынан бері проактивті форматта адами факторды толығымен алып тастау арқылы 4 қызмет көрсету процесі автоматтандырылды.

«Қазан айында жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау қызметі толық автоматтандырылды. Осының арқасында қызмет көрсету мерзімі айтарлықтай қысқарды», – деді ЕХӘҚМ Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Алихан Абельгазинов.

Бұдан басқа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның 4 қызметкерін өтініштерді қарау үдерісінен шығарудың арқасында жәрдемақыларды тағайындау жеңілдетілді және 4 жұмыс күніне дейін қысқартылды: бала тууына байланысты, бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша және көпбалалы отбасыларға (проактивті қызмет көрсету кезінде), сондай-ақ 4 әлеуметтік төлем: жүктілік және босану, бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша, еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша, жұмысынан айрылу жағдайы бойынша (электрондық үкімет порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары және белсенді көрсетілген кезде).

Бұрын төлемдер мен жәрдемақыларды тағайындау туралы шешім қабылдауға 7 адам қатысып, ал процестің өзі 8 жұмыс күніне дейін созылатын еді.

«Бұл оңтайландыру азаматтардың өмірін жеңілдетуге, көрсетілетін қызметті берушіге жүктемені азайтып, құжат айналымын қысқартуға мүмкіндік берді», – деп қорытындылады Алихан Абельгазинов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға