ZIN in No(o)rd / © Jaspers-Eyers Architects — Photography by Philippe Van Gelooven

Әлемнің ең үздік биік ғимараты анықталды

Тік урбанизм кеңесі (Council on Vertical Urbanism, CVU) 2025 жылғы «Әлемнің ең үздік биік ғимараты» атағын Бельгия астанасы Брюссельде орналасқан ZIN in No(o)rd жобасына табыстады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ресми хабарлама ұйымның жыл сайынғы халықаралық конференциясында, Канаданың Торонто қаласында жарияланды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жетекші сәулетшілер, инженерлер мен урбанистер 24 елден ұсынылған жобалар арасынан 111 метрлік ZIN in No(o)rd ғимаратын үздік деп таныды.

Бұл нысан – 1970 жылдары салынған кеңсе кешенін заманауи аралас мақсаттағы тік экожүйеге айналдыру жобасы. Мұнда кеңселер, тұрғын пәтерлер, қонақүй және қоғамдық аймақтар біріктірілген.

Ескі мұра мен жаңа стандарттың тоғысы

Бастапқыда екі мұнарадан салынған ғимараттар үшінші биік құрылым арқылы біріктіріліп, бірыңғай кешенге айналған. Сәулетшілер ғимаратқа жасыл аймақтар мен энергия үнемдеуші технологияларды енгізіп, оны заманауи экологиялық стандарттарға сай етіп қайта жандандырды.

ZIN in No(o)rd / © Jaspers-Eyers Architects — Photography by Philippe Van Gelooven

ZIN in No(o)rd жобасы тік урбанизмнің негізгі қағидаттарын – тұрақтылық, жайлылық және инновацияны көрініс табады. Ғимарат бұрынғы құрылымдарды сақтай отырып, энергия тиімді және көміртекке сезімтал жаңа архитектуралық жүйеге айналған.

Экологиялық тиімділіктің жаңа эталоны

Жобада бар ғимарат құрылымының 85 пайызы (оның ішінде өзек пен жерасты бөліктері) сақталып, 60 пайыздан астам құрылыс материалдары сол жерде немесе басқа нысандарда қайта пайдаланылған.

Бұл шешім көмірқышқыл газының шығарындыларын едәуір азайтып, Еуропадағы үлкен көлемдегі бейімделген реконструкцияның жаңа стандартына айналды.

ZIN in No(o)rd – бұл тек архитектуралық жоба емес, ескі қалалық кеңістікті экологиялық және технологиялық тұрғыдан жаңартудың үлгісі, сондай-ақ Еуропаның «жасыл болашақ» арманының нақты көрінісі.