Әлемнің 25 елінен келген оқушылар Жәутіков олимпиадасына қатысады
Халықаралық додада 1200-ден астам дарын бақ сынайды![Әлемнің 25 елінен келген оқушылар Жәутіков олимпиадасына қатысады Әлемнің 25 елінен келген оқушылар Жәутіков олимпиадасына қатысады](/storage/storage/element/2023/02/01/mainphoto/35709/1200xauto_NoTonfevOGjcGXEBc7P0RoDMlwqYOnwkAyGvVSoC.jpg)
Алматыда өтетін ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына әлемнің 25 мемлекетінен 1200-ден астам оқушы қатысады, деп хабарлайды El.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алыс және жақын шетелдерден, соның ішінде Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Румыния, Сербия, Украина, Үндістан, Түркия, Ұлыбритания сынды елдерден келген 281 команда бірден үш пән – математика, физика және информатика бойынша білімдерін сынайды. Зияткерлік сайыста еліміздің намысын 250-ге жуық оқушыдан жасақталған 35 команда қорғайды, - делінген ведомствоның ақпаратында.
Айта кетейік, Халықаралық Жәутіков олимпиадасына физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысады. Олимпиада қорытындысы бойынша жеке рейтинг, сондай-ақ мамандандырылған мектептердің мықты командаларының рейтингі жасалатын болады.
Халықаралық қазылар алқасының құрамына ТМД-ның ең мықты техникалық университеттерінің өкілдері кіреді. Жеңімпаздар алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады.
Олимпиада 1-10 ақпан аралығында Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің базасында өтеді. Сайыс қорытындысы 10 ақпанға жоспарланған.
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)