Еуропа елдерінде емдеуге аса төзімді, қауіпті Trichophyton indotineae инфекциясы кең таралып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Манчестер университетінің жұқпалы аурулар жөніндегі маманы Дэвид Деннингтің айтуынша, аталмыш саңырауқұлақ теріде қызарып, қатты қышитын бөртпелер туғызады. Олар көбіне шап аймағында, жамбаста және бөксе тұсында байқалады.
Материалда келтірілген деректерге сәйкес, соңғы үш жылда Ұлыбританияда Trichophyton indotineae жұқтыру жағдайлары шамамен 500 пайызға артқан. Саңырауқұлақ инфицирленген адаммен тікелей жанасу арқылы, сондай-ақ ластанған заттар немесе жыныстық қатынас арқылы жұғады.
Деннингтің айтуынша, бұл саңырауқұлақтың таралуы алдағы жылдары бүкіл әлем үшін үлкен қиындық тудыруы мүмкін.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

