©Pixabay.com

Әлемдегі ең шағын 17 мемлекет

Әлемдегі ең кішкентай ел дегенде ойға бірден Ватикан келеді. Географиядан солай жаттап өстік. Дегенмен жер шарында бір қаланың аумағында орналасқан мемлекеттер аз емес. Ендеше бүгін біз осындай ең кішкентай 17 елдің тізімін жасап шықтық, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ватикан

Аумағы – небәрі 0,44 км², халқы – 499 адам.

Бұл – Рим Папасының ордасы орналасқан шағын қала-мемлекет. Елдің негізгі табысы – күллі әлемдегі католиктердің қайырымдылық қаржысы мен туристерден түсетін қаражат. Мұндағылардан табыс салығы алынбайды.

Ватиканның өз телефон желісі, пошта қызметі, тіпті дүниежүзіндегі ең көне дәріханасы бар. Ал Ватикан кітапханасында мыңдаған сирек қолжазба мен көне кітап сақталған. Бүгінде оның төрттен бірі цифрландырылып, ғаламтор арқылы қолжетімді. Кез келген адам кітапханаға кіріп, тіпті папалардың хаттарымен таныса алады.

Монако

Аумағы – 2,1 км², халқы – 38 515 адам.

Жерорта теңізінің жағасында орналасқан бұл князьдік – шын мәнінде сән-салтанаттың мекені. Бұрын «салық жұмағы» атанса, бүгінде кейбір мүлік пен капиталға салық салынады.

Монако – сәнді жағажайлар, қымбат яхталар, әйгілі «Формула-1» жарыстары, люкс дүкендері мен жұлдыздар жиналатын казиноларымен танымал. Климат та қолайлы: қыста да ауа райы шамамен +16°С-тан төмен түспейді.

Науру

Аумағы – 21 км², халқы – 11 979 адам.

Тынық мұхитындағы кішкентай арал-мемлекет. Ерекшелігі – жағалауда табиғи айлақ мүлде жоқ, сондықтан кемелер тоқтай алмайды.
Жыл бойы орташа температура +28°С шамасында. Жаңбыр жиі жауады, бірақ қуаңшылық та болып тұрады. Өзен-көл болмағандықтан, тұрғындар үйлерінің төбесіне су жинайтын құрылғы орнатады немесе алыс жолдан танкерлер арқылы су жеткізіледі.

Тувалу

Аумағы – 26 км², халқы – 9 585 адам.

Бұрынғы британ отары, тоғыз маржан аралынан тұрады. Теңіз деңгейінен небәрі 4-5 метр биіктікте орналасқандықтан, алдағы уақытта мұхит астына кету қаупі бар.

Халқы негізінен егіншілікпен және балық аулаумен күнелтеді. Тауық, шошқа ұстап, балық аулайды, банан, кокос пен нан ағашын өсіреді. Экономикасын марка сатудан, балық аулау лицензиясынан және өздерінің «.tv» доменін жалға беруден табыс табады.

Сан-Марино

Аумағы – 61 км², халқы – 33 564 адам.

Италияның қақ ортасында орналасқан шағын республика. Халқының басым бөлігі католик болғанымен, ресми діні жоқ. Тілі – итальян. Ел негізінен таулы жерде орналасқан. Бұрын тас өндіретін, бүгінде қазба байлық таусылған.

Бір қызығы, бүкіл мемлекеттің қауіпсіздігін небәрі елу шақты полиция күзетеді. Мұнда теміржол жоқ. Астанаға автобуспен, ұшақпен немесе Борго-Маджореден тартылған аспалы жолмен жетуге болады.

Лихтенштейн

Аумағы – 160 км², халқы – 39 974 адам.

Таулы аймақ болғанымен, ауа райы қолайлы, түрлі өсімдік өседі: жүгеріден бастап, жүзімге дейін, тіпті нәзік орхидеялар мен норвеж үйеңкісіне дейін бар.

Ел – князьдік, тақ мұрагерлікпен әкеден балаға өтеді. Билеуші әулеттің XVII ғасырдағы голланд және фламанд суретшілерінің бай коллекциясы бар. Жинақта картиналардан бөлек, зергерлік бұйымдар, мүсіндер, көне қару-жарақ пен ыдыстар сақталған.

Маршалл аралдары

Аумағы – 181 км², халқы – 37 051 адам.

Тынық мұхитындағы 1200-ден астам аралдан құралған мемлекет. Олардың шамамен 90-ы дүниежүзіндегі ең үлкен лагунаны қоршап тұр (ауданы – 1 722 км²). Сол жерде елдің басым бөлігі тұрады, себебі АҚШ әскери базасы сонда орналасқан.

Мұнда уақыт баяу өтеді: тұрғындары балық аулап, кешкісін барбекю жасап, күн батқанын тамашалайды. Туристер арасында сүңгу, суға түсу, теңіз серуені кеңінен дамыған.

Сент-Китс пен Невис

Аумағы – 263 км², халқы – 46 873 адам.

Бұрынғы ағылшын отары, екі аралдан тұрады. Қазір тәуелсіз мемлекет болғанымен, ресми басшысы – британ монархы.

Табиғаты көз тартарлық: Сент-Китсте сөнген жанартау бар, оның жағалауындағы құм қара түсті. Невистің басты ерекшелігі – биік тау мен аппақ құмды жағажайлары.

Мальдив аралдары

Аумағы – 298 км², халқы – 528 545 адам.

Әлемдік жұмақтың символына айналған аралдар. Жыл сайын 1,5 млн-ға жуық турист келеді. Экономикасы түгел дерлік туризмге тәуелді.
Тұрғындар аралдар арасында тек қайықпен қатынайды. Елдің ресми діні – ислам, өзге дін өкілдері азаматтық ала алмайды.

Мальта

Аумағы – 315 км², халқы – 542 105 адам. Еуропадағы көне мемлекеттердің бірі. Екінші дүниежүзілік соғыста ағылшындарға тірек болған, соған байланысты Мальта халқы Ұлыбританияның ең жоғары марапаты – Георгий крестімен наградталған.

Елде тарихи шіркеулер, қамалдар мен ғибадатханалар көп, олардың кейбірі ЮНЕСКО мұрасына енген.

Гренада

Аумағы – 344 км², халқы – 117 249 адам.

Кариб теңізіндегі арал, мұнда кокос, банан, какао, мускат өсіріледі. Орташа температура жыл бойы +28°С.
2004 жылы «Иван» дауылынан қатты зардап шеккен, аралдағы ғимараттардың 90%-ы қирады.

Сент-Винсент пен Гренадиндер

Аумағы – 388 км², халқы – 100 346 адам.

Мұнда Вест-Үндістандағы ең көне жанартаулардың бірі – Суфриер орналасқан. Соңғы рет 1979 жылы атқылаған.

Қаңтардан мамырға дейін – демалысқа ең қолайлы мезгіл. Жергілікті жолдарда тәртіп сақталмайды, көліктер кез келген жерге тоқтай салуы мүмкін. Соған қарамастан, климаты мен бағасы туристерді өзіне тартады.

Барбадос

Аумағы – 432 км², халқы – 282 537 адам.

Көркем табиғаты бар Кариб аралы. Мұнда қант құрағы өседі, ал аспанда колибрилер қалықтап ұшады. Барбадосты әлемге жазушы Джордж Лемминг те әйгіледі.

Антигуа мен Барбуда

Аумағы – 442 км², халқы – 93 948 адам.

Кариб теңізіндегі шағын мемлекет. Ресми басшысы – британ монархы, бірақ елді премьер-министр басқарады.

Климат жылы, жыл бойы теңізге түсуге болады. Мұнда түрлі фестиваль, карнавал мен яхтинг сайыстары өтеді.

Сейшель аралдары

Аумағы – 446 км², халқы – 131 365 адам. Үнді мұхитындағы жұмақ мекен. Түнде де ауа температурасы +20°С төмендемейді. Бұл жерді кәдімгі музей дерсің: әлемде кездеспейтін өсімдіктер, соның ішінде атақты коко де мер пальмасы бар.

Сондай-ақ алып теңіз тасбақалары мен жарқанаттар мекендейді. Кей аралдар ЮНЕСКО мұрасына енген.

Андорра

Аумағы – 468 км², халқы – 82 345 адам.

Еуропаның тау бөктерінде орналасқан князьдік. Қыста шаңғы спорты үшін туристер ағылып келеді. Орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша әлемде алғашқы бестікте тұр.

Мұнда бүкіл елді жаяу аралап өтуге болады. Жолшыбай таулы қонақ үйлер қарсы алады.

Палау

Аумағы – 488 км², халқы – 17 682 адам.

Тынық мұхитындағы маржан мен жанартаулық аралдардан құралған мемлекет. Барлығы 300-ге жуық арал бар. Әрқайсысын бірнеше сағатта жаяу аралап шығуға болады.

Мұнда табиғат сол күйінде сақталған: жасырынған лагуналар, мангр ормандары, құмды жағажайлар. Палау сүңгуірлердің жұмағы саналады.