Alem LLM: кез келген қолданушы өз қажетіне пайдалана алады
EL.KZ Информационно-познавательный портал
Қазақстан қазақ тілінде жаңа Alem LLM тілдік моделін ойлап тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов айтты.
Бұл біздің үшінші тілдік моделіміз. Бірінші біз KAZLLM-ді ойлап тапқанбыз. Preside G42 компаниясымен тағы қазақша модель ойлап таптық. Осы жылы доктор Кайфулли келген кезде жаңа қазақ тіліндегі үлкен Alem LLM-ды жасадық. Бұл 246 миллиард параметрден тұратын ірі модель. Ол UI-Lightning атты үлкен тілдік модель негізінде құрылған, - деді Ғиззат Байтұрсынов.
Alem LLM елімізде қолданылып жүрген ChatGPT және Gemini секілді көшбасшы тілдік модельдерге қарағанда қазақ тілінде мықты нәтижеге қол жеткізіп отыр. Бұл тілдік модельді кез келген қолданушы өз қажетіне қарай пайдаланып, өнім жасауға қолдана алады.
Аталған модельді мемлекеттік қызметтер арасында интеграция жасау үшін пайдалануды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта бұл үлкен тілдік модельді жүктеп жатырмыз. Суперкомпьютер іске қосылғаннан кейін үлкен тілдік модельді біздің өнімдерге қолдануға мүмкіндік туындайды, - деді ол.

