Әлем кубогында топ жарған боксшыға баспана берілді
Бокстан шілде айының басында Астанада өткен әлем кубогында топ жарған Бекзат Нұрдәулетовке Жаңаөзен қаласынан баспана сыйға берілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы боксшы әлеуметтік желіде жазба жариялап, қала әкіміне алғыс білдірді.
Бүгін пәтердің кілтін табыстағаныңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Бұл – алдағы Әлем чемпионатына дайындықтағы үлкен қолдау әрі зор мотивация. Сіздің спортқа деген ерекше жанашырлығыңыз жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Бүгінгі құрметіңіз барша Жаңаөзен халқының демеуін сезінуге себеп болды. Алла Тағала еңбегіңізге береке беріп, деніңізге саулық, жұмысыңызға сәттілік нәсіп етсін!", - деп жазды Бекзат Нұрдәулетов.
Өткен айда боксшыға Маңғыстау облысының бокс федерациясы 10 млн теңге табыстаса, Ақтау әкімі 5 млн теңге ұсынған болатын.
Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов 30 маусым мен 6 шілде аралығында елордада өткен Әлем кубогының кезеңдік турнирінде үш бірдей қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, топ жарды. Ширек финалда Ұлыбритания өкілі Лачлан Лаусоннан, жартылай финалда түркиялық Самет Ерсойдан 5:0 есебімен басым түсті. Финалда үндістандық Жугно Жугномен өткен шешуші жекпе-жекте де төрешілер бірауыздан жеңісті қазақ боксшысына берді.

