Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан рейтингте көш бастады
29.12.2023 22:08
Фото:
© Olympic.kz
Біріккен күрес әлемі (UWW) еркін күрестен жылдың қорытынды рейтингін жариялап, үздік балуандар тізімін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақтан шыққан әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта көш бастап тұр. Екінші орында Грузия, үшінші сатыда Әзірбайжан балуаны орналасқан.
86 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Азамат Дәулетбеков рейтингтің екінші сатысына жайғасты. Ол әйгілі Хасан Язданиді де артта қалдырған.
79 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы Болат Сақаев төртінші орынға тұрақтады.
Айта кетелік, рейтингті түзу барысында балуандардың әлем, құрлық чемпионаттары мен Азия ойындарында көрсеткен нәтижелері есепке алынды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

