Жаңалықтар

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Никиша елге оралды

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Никиша елге оралды
Фото: Туризм жəне спорт министрлігі 19.03.2024 00:16 957

Шорт-тректен Роттердамда қаласында өткен әлем чемпионатында 500 метр қашықтықта тарихи күміс жүлде иеленген Денис Никишаны Астана қаласының әуежайында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ересектер арасында шорт-тректен күміс медаль алғанымды әлі де толыққанды сезінбедім. Иә, чемпион атанбадым деген өкініш бар. Алайда бұл жүлденің өзі қазақ спортында алар орны үлкен. Миландағы қысқы Олимпиадаға 2 жыл ғана уақыт қалды. Бұл жүлде психологиялық тұрғыдан сенімділікті арттырып, басты мақсатым — Олимпиада тұғырында жоғарыдан көрінуге көмектеседі деп сенемін, — деді Денис Никиша.

Сондай-ақ, Денистен бөлек, ұлттық құрама сапында шорт-тректен жасөспірімдер әлем чемпионатында әйелдер бәсекесінде алғашқы күміс медаль алған Алина Ажғалиева да бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға