Әлем чемпионатында үш рет топ жарған Ризабек Айтмұқан қазақстандықтарға алғыс айтты
28.10.2024 10:24
Фото:
instagram.com/kazakhstan__wrestling
Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан жеңімпаз атағымен құттықтап жатқан қазақстандықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
27 қазан күні Ризабек Айтмұқан Тиранада жастар арасында өткен әлем чемпионатында топ жарды. Қазақстандық балуан 97 келіде қарсылас шақ келтірмеді. Финалдық айқаста ол ирандық Махди Морафадан басым түсті.
Құттықтап жатқан еліме мың алғыс! Алла разы болсын! Алға, Қазақстан, - деп жазды ол.
Айта кетейік, Ризабек осымен үшінші әлем біріншілігінде үздік атанды. Қыркүйек айында ол 20 жасқа дейінгі жастар арасында да әлем чемпионы атанған болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

