Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сегіз боксшысы финалға өтті
14.09.2025 06:26
Фото:
ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстандық бұрымды боксшы Наталья Богданова Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, El.kz интернет порталы.
Жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақтың финалына шығу үшін Шантель Ридпен (Англия) қолғап түйістірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен Наталья Богданова жеңіске жетті.
Бүгін шаршы алаңға шыққан споршылардың барлығы финалға жолдама алды. Олардың қатарында Назым Қызайбай, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Алуа Балқыбекова, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова сынды боксшыларымыз бар.
Бұған дейін Айбек Оралбай мен Аида Әбікеева да жартылай финалда жеңіске жеткен болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

