Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті
02.11.2024 23:45
Фото:
Бокс федерациясы
Қазақстан қоржынына әлем чемпионатының үшінші алтыны түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үшінші алтынға 81 келі салмақ дәрежесіндегі спортшы қызымыз Аружан Зейноллаева қол жеткізді.
Қазақ спортшысы чемпионат барысында Ресей (5:0) және Польша (4:1) боксшыларымен жұдырықтасып, жеңіске жеткен болатын. Ал финалда Аружан Зейноллаева өзбекстандық Рухшона Парпиеваны айқын басымдықпен жеңді.

