Жаңалықтар

Әлем чемпионатында Қазақстан дзюдошылары командалық сында есе жіберді

Әлем чемпионатында Қазақстан дзюдошылары командалық сында есе жіберді
Фото: ijf.org 14.05.2023 16:17 912

Катардағы әлем чемпионатының соңғы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы Германияға 4:0 есебімен жол берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Аралас командалық сында Қазақстан құрамасы Германиямен жолығып, 4 балуан еш мүмкіндіксіз жеңіліліп қалды. Бірініші болып татамиге шыққан Кәмила Берліқаш (+78 келі) неміс балуанынан шидомен ұтылды. Ал одан кейін сынға түскен Ғалымжан Қырықбай (+100 келі) да қарсыласынан ұтылды. Үшінші болып белдесуге шыққан Бақыт Құсақбаева (-57 келі) есе жіберіп, есепті 3:0-ге жеткізді. 

Бұдан кейін сынға түскен 73 келідегі Жансай Смағұлов та үмітті ақтай алмады. Осылайша 4:0 есебі тіркеліп, жеңіс неміс құрамасына бұйырды. Командалық сында 3 ер және 3 әйел балуаннан барлығы 6 балуан белдеседі. Есеп тең болған жағдай қосымша бір белдесу өткізіледі. 

Дохағы әлем біріншілігінде Қазақстан балуандарының ешқайсысы жүлдеге қол жеткізе алған жоқ. Олардың арасында ең жоғары жетістік 48 келідегі Абиба Әбужақынова тиесілі. Ол жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлде үшін белдесуде жеңілген болатын. Сонымен бірге, ерлер құрамасынан 60 келіде Нұрқанат Серікбай мен -100 келіде Нұрлыхан Шархан 7-орынға тұрақтады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға