Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын боксшылар анықталды
Бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын қазақстандық боксшылар белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бокс федерациясы спортшылардың тізімін ұсынды. Олар:
Ерлер
50 келіге дейін - Санжар Тәшкенбай
55 келіге дейін - Махмұд Сабырхан
60 келіге дейін - Бейбарыс Жексен
65 келіге дейін - Ертуған Зейнуллинов
70 келіге дейін - Төрехан Сабырхан
75 келіге дейін - Сабыржан Аққалықов
80 келіге дейін - Нұрбек Оралбай
85 келіге дейін - Бекзад Нұрдәулетов
90 келіге дейін - Сағындық Тоғамбай
90 келіден жоғары - Айбек Оралбай
Әйелдер:
48 келіге дейін - Назым Қызайбай
51 келіге дейін - Алуа Балқыбекова
54 келіге дейін - Элина Базарова
57 келіге дейін - Карина Ибрагимова
60 келіге дейін - Виктория Графеева
65 келіге дейін - Аида Әбікеева
70 келіге дейін - Наталья Богданова
75 келіге дейін - Надежда Рябец
80 келіге дейін - Гүлсая Ержан
80 келіден жоғары - Елдана Тәліпова
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына соңғы дайындығын пысықтау үшін Шеффилд қаласына аттанады. Қазіргі уақытта боксшылар Алматы облысында жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Спортшылар осы аптада жолға шығып, оннан аса елдің боксшылары бой көрсететін жиынға қосылады.
Айта кетсек, әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

